Get Mystery Box with random crypto!

Бір күні тұрып, Бəрін де шетке сыдырып, Бұлттарға мініп, Ке | Жалған дүние...

Бір күні тұрып,
Бəрін де шетке сыдырып,
Бұлттарға мініп,
Кетсем ғой шіркін қыдырып.
Əлемді кезіп,
Əр таңым атса аспанда,
Келмес ем қайта,
Қайтпас ем кері бұрылып.

Білмей ештеңе,
Бақпай-ақ желдің бағытын,
Аралап жерді,
Сезініп бұлттың бақытын.
Уайымсыз ғана,
Қызықтап қардың түскенін,
Ұшар ем көкте,
Қарамай өткен уақытын.

...Жалғыздық тағы,
Жалығып жүрмін, жалығып,
Жүдеді жүрек,
Тынысым кетті тарылып.
Күндерім ұқсас,
Бірінен бірі аумайды,
Көзімді ашсам,
Қарсы алмайды таң жылып.

Бір күні тұрып,
Бəрін де шетке сыдырып,
Бұлттарға мініп,
Кетсем ғой шіркін қыдырып...

— Бек Жылқыбаев

@jalgan_dunie