Get Mystery Box with random crypto!

Бұрынғы бала кезімдегі Қадір түні есіме түсіп кетті.... 27 - ш | Жалған дүние...

Бұрынғы бала кезімдегі Қадір түні есіме түсіп кетті.... 27 - ші түн... ол кезде телефон жоқ. Тек “холодильник”-те жабысулы тұрған (мешіттен алған) бір бет қағазға қарап білеміз. Үлкендеу әріппен Қадір түні деп тұрады.))) Енді ол түні ұйықтамаймыз... Асыл арнаны қарап отыратын едік. Ол кезде Алматы, Астана секілді үлкен қалалардың мешіттерінде тікелей эфир болып жататын. Соларды таңға дейін көріп отыратынбыз. Қысқасы, түнімен асыл арнаны көріп шығатынбыз. Анамыз жүретін, дұғаларыңды етіңдер. Қабыл болады деп. Сол кезде, Алладан не сұрамадым... Велосипедке дейін сұрап шыққан шығармын. енді бала көңіл ғой, жаңағы... Ал қазір сол кездерді еске алып не күлерімді не жыларымды білмей, сағынышпен еске алып отырмын...) аээһһ..