Get Mystery Box with random crypto!

​​«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы алғаш рет | IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)

​​«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы алғаш рет «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 2019 жылғы президенттік Жолдауда ұсынылды.

Оның Жолдауда нақты мәлімделуі кездейсоқ емес: осылайша Қасым-Жомарт Тоқаев үшін мемлекеттік саясаттың осы бағытының стратегиялық маңызы көрсетілді, ол өзінің президенттігінің алғашқы күндерінен бастап дәйекті саяси трансформация бағытын белгіледі.

ӘЭСИ сарапшысы Арман Тоқтышақов атап өткендей, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл ел азаматының негізгі мүдделері болып табылатын және онда мемлекеттік органдардың қоғаммен өзара іс-қимылының тиімді тетігі құрылған мемлекет. Мемлекеттік аппараттың азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап қайтаруы, сондай-ақ оларды шешу мақсатында азаматтық қоғамды неғұрлым өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту басымдық болып табылады.

Сондай-ақ, сарапшы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік жүйенің ашықтығы мен қоғаммен сындарлы диалог құруға бағытталған дәйекті саясат жүргізіп отырғанын атап өтті.

«Қоғамның «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы рөліне келетін болсақ, ол өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл демократиялық саяси жүйеде маңызды субъект ретінде әрекет ететін белсенді, жауапты және жетілген азаматтық қоғам. Бұл ретте азаматтық қоғам өкілдері қазірдің өзінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға белсене тартылып жатқанын атап өту маңызды. Бұл олардың түрлі диалог алаңдарына қатысуы арқылы жүзеге асады», - деп есептейді Арман Тоқтышақов.

ӘЭСИ сарапшысының осы тұрғыдағы мысалдарының бірі – ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК). Сарапшылар айтқан көптеген проблемалық мәселелер мемлекет тарапынан назарға алынып, іске асырылды. Тағы бір мысал – ҰҚСК-ті ауыстырған Ұлттық құрылтай. Осы құрылымға қатысушылардың кеңейтілген құрамы назар аударады. Атап айтқанда, оған мемлекеттік қызметшілер мен сарапшылардан басқа бизнес, медицина, білім, ғылым, мәдениет, спорт, адам құқықтарын қорғау және т.б. өкілдері кірді.

«Әрине, бұл алаңдар қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының оң үлгісі болып табылады. Алайда, біріншіден, оған халықтың барынша кең топтарын тарту үшін Ұлттық құрылтайға қатысушылардың құрамын белсенді түрде ротациялау қажет. Екіншіден, бұл алаңдарда тоқтап қалмау және жаңа балама, оның ішінде азаматтық қоғам тарапынан бастама көтерудің маңызы зор», - деп атап өтті Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және оны біздің елімізде іске асыру жолында еңсерілуі тиіс сын-қатерлер туралы толығырақ ӘЭСИ ресми сайтынан мына сілтеме бойынша оқыңыз: https://iwep.kz/#/posts/6304ae274ca76f0cd65ecd5d/#header

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Саясат #ЕститінМемлекет