Get Mystery Box with random crypto!

​​«Мир Евразии» қоғамдық қорының жетекшісі Эдуард Полетаев ата | IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)

​​«Мир Евразии» қоғамдық қорының жетекшісі Эдуард Полетаев атап өткендей, Орталық Азия Қазақстан үшін маңызды басымдық болып қала береді.

«Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасында мемлекетаралық бәсекелестіктің күшеюі аясында Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасты тереңдетуге ұмтылуы және өңірде жетекші орын алуы тиіс деп нақты айтылған. Қазақстан мұны істеп жатыр», - деп ескерді сарапшы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған халықаралық дөңгелек үстел барысында.

Сарапшы Орталық Азияның бәсекелік артықшылықтарының ішінде өңірдің қарқынды өсіп келе жатқан демографиясын атап өтті. «2022 жылдың басында Орталық Азия халқының саны 76 млн адамды құрады. Бұл жаман көрсеткіш емес, алдағы уақытта 100 млн адамның психологиялық межеге жетуі инвесторлар үшін, оның ішінде халықаралық инвесторлар үшін тартымды етеді», – деп түйіндеді спикер.

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Саясат #ӘЭСИ_Экономика #Халықаралық_қатынастар #Орталық_Азия