Get Mystery Box with random crypto!

​​ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, тағы 19 қаз | IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)

​​ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, тағы 19 қазақстандық мал шаруашылығы өнімін өндіруші Өзбекстанға экспорттау құқығына ие болды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеевтің Ташкентке сапары барысында жаңа келісімдерге қол жеткізілді.

2022 жылғы 4-6 шілде аралығында Өзбекстан астанасында түркі Агро-форумы, түркі мемлекеттері ұйымы мен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңесі өтті. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездесті. Тараптар халықаралық күн тәртібінің маңызды аспектілері, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі және гуманитарлық дағдарыс мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту ниеттерін бекітті.

Е.Қарашөкеев қазақстандық тараптың түркі мемлекеттері ұйымдары (ТМҰ) елдеріне отандық өнімнің экспортын ұлғайтуға мүдделілігін атап өтті: «Бүгінгі таңда Қазақстанда ТМҰ елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық жеткізілімін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бар. Біз сондай-ақ терең қайта өңдеу тауарларын жеткізуді ұлғайтуға мүдделіміз».

Бұған дейін 37 қазақстандық кәсіпорын Реестрге енгізілген болатын. Өзбек тарапына Қазақстанның ветеринария жүйесіне толық шолу жасау қорытындысы бойынша ветеринарлық қызметтің кепілдігімен тағы 19 мал шаруашылығы өнімін өндіруші экспортқа құқық алды. Нәтижесінде қазіргі уақытта 56 қазақстандық кәсіпорын Өзбекстанның тізіліміне енгізілді.

Осылайша, отандық кәсіпорындар жаңа өткізу нарықтарын игеруді жалғастыруда, сол арқылы қазақстандық экономика үшін мүмкіндіктерді ұлғайтуда және өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.