Get Mystery Box with random crypto!

​​ҚР Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2022 жылдың қаң | IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)

​​ҚР Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,6% құрады. Айта кетсек, ЖІӨ НКИ белгілі бір кезеңдегі экономикадағы тауарлар мен қызметтерді өндіру көлемінің өзгеруін сипаттайды.

ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 38,8%, қызметтер – 52,7% құрайды.

Ең жоғары өсімді «Ақпарат және байланыс» – 115,7%, «Көлік және қоймалау» – 109,3%, «құрылыс» – 108,6% салалары көрсетті.

ЖІӨ-нің нақты өсуіне «көтерме және бөлшек сауда»; «автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу», «өңдеу өнеркәсібі» және «тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу» салалары негізгі үлес қосты.