8 қазанда Kolesa Conf 2022 IT-конференциясы өтеді!Kolesa Conf — әзірлеушілер, data-мамандар, QA-инженерлер, менеджерлер, стартаперлер және IT-қауымдастығының басқа да өкілдері үшін жыл сайынғы конференция. Биыл ол 8 қазан күні өтеді.
Бір күннің ішінде IT саласында сұранысқа ие 4 бағыт:
Data Science, Management, Web және Mobile. Әрбір бағытта
Kolesa Group, Tinkoff, Dodo Brands, Percona, Arbuz / Pinemelon, Aviasales, Yandex, Karpov.Courses, 1fit, Kaspi, Beeline Казахстан, Tele2, BTS Education, Technodom, JMart, Jusan Bank, СберМаркет, Magnum және т.б. компаниялардың сарапшылары 9-10 қызықты және пайдалы баяндама жасайды.
Былтырғы
Kolesa Conf-ті Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь және басқа да ТМД елдерінен 15 006 қатысушы тамашалады.
Kolesa Conf конференциясына қатысу үшін тіркеліп, ұнаған бағытты таңдаңыз.
Маңызды: конференция толығымен орыс тілінде өтеді.