Get Mystery Box with random crypto!

Барлықтарыңызға сәлем! Қазақша контентті дамыту мақсатында, о | IT bilim

Барлықтарыңызға сәлем!

Қазақша контентті дамыту мақсатында, оның ішінде қазақша IT саласы бойынша пайдалы ресурстар бөлісуге арналған кішігірім платформа жасауға ниеттеніп жүр едік.

Әзірше нақты қандай болатыны белгісіз, мүмкін ол блог түрінде ма (uvision.kz, medium.com), немесе форум түрінде сұрақ жауап па (stackoverflow.com), не видео курсы бар түріндегі платформа ма (udemy.com), немесе барлығы бірге ма көреміз.

Бірақ жалпы ойымыз - мүмкіндігімізше тек қазақша, әрі пайдалы ресурстармен толтырып, қазақ контентін көбейту.

Осыған сәйкес сіздерден өтініш, жақсы қазақи домен атауына есім ұсынсаңыздар. Ұнаған домен атаудың иесіне кішігірім сыйлығымыз да болады.

PS. Мүмкін болса, ұсынылатын домен атауы латынша жазғанда, қарапайым халыққа қатты қиындық тумайтын есім болса, және тым ұзақ болмаса.

Мына сілтемеге толтырып жібере аласыз:
https://forms.gle/QAbxtS6Bo2YjbzUo8