Get Mystery Box with random crypto!

Назгүлдің оқырмандарына сәлем бердім. Қош келдіңіздер! Есімім | QAZ-СТИКЕРЫ от issadesing

Назгүлдің оқырмандарына сәлем бердім. Қош келдіңіздер!

Есімім Азамат. 21 жыл журналистикада жүріп, қазір қолым босап, 2014 жылдан бері smm, маркетинг, таргет деген нәрсені игеріп, әзірге өз жолыммен кеттім.

@issaazamat деп табасыздар. Ол жақта да дос болайық.

Өзім әдемі стористерді көрсем тоқтап қаламын. Қараймын, зерттеймін (әсіресе шетелдік блогер). Сөйтіп бір-екі канал таптым. Солардың стикерін қолдана бастап едім, мынаны қалай жасадың деген сұрақтар көбейіп кетті. Қарап отырсам, ұрламай, өз стикерлерімді неге жасамиаймын деген шешімге келдім. Жарты жыл тек өзіме жасап, өз стористерімді ерек еттім) Сөйтіп желтоқсанның 1 күні канал аштым да жібердім.

Оңай сияқты канал жүргізу. Қателесіппін. Өзіме ұнайтын стикер салсам, өзгеге ұнамайды деген сияқты. Сол себепті, егер ойда жүрген идеяларыңыз болса, мен оны іске асырып, бәріміз қазақша стикерлер қолданайық. Пікір алаңы комментарийде

Жаңа жылдарыңызбен!

Пысы. Тапсырысқа да жұмыс жасаймын