Get Mystery Box with random crypto!

𝘼𝙡𝙝𝙖𝙢𝙙𝙪𝙡𝙞𝙡𝙡𝙖𝙝🥰

Telegram арнасының логотипі islam_kz_13 — 𝘼𝙡𝙝𝙖𝙢𝙙𝙪𝙡𝙞𝙡𝙡𝙖𝙝🥰 𝘼
Telegram арнасының логотипі islam_kz_13 — 𝘼𝙡𝙝𝙖𝙢𝙙𝙪𝙡𝙞𝙡𝙡𝙖𝙝🥰
Арна мекенжайы: @islam_kz_13
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.14K
Арнадан сипаттама

Қош келдіңіз! Қара шаңырақ осы.
Арнаға не нәрселер саламын?
1. Исламнан діннен бір нәрсе жеткізсем бөліссем деймін🤲
2. Қысқаша ойымды жазып отырамын💫
3. Ескертулер өзіме ✅

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 51

2022-07-20 12:07:41 Білім алудың үкімі 4-ке бөлінеді:
1.Парыз
Бұл — парыздарды өтеу үшін қажетті білімді үйрену және адамның жағдайына сай адал мен арамды тану.
2.Мустахаб
Бұл — қажеттіліктен аса мұқтаж болған адамға үйрету мақсатында білім алу. Мұндай деңгейде білім алу — нәпіл (қосымша) құлшылықтан да жоғары.
3.Мубах
Бұл — кемелділік һәм көркемділік үшін асыра білім алу. [Себебі ғалымның білімі артқан сайын көркі де еселене түседі].
4.Арам
Бұл — ғалымдардың алдында сол біліммен мақтанып, ақымақтармен сөз таластыру үшін алынатын білім.
(“Тухфату әл-Мулук” Ар-Рази, 311-312 бет).
1.1K views09:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 11:20:54
Өлім келмес бұрын өмірдің қадірін біліңіз!

Ұстаз Ерлан Ақатаев.

@kuran_tapsir
305 views08:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 06:15:01 Кәлимә
“Лә илаһа илаллаһ, Мухаммадур расулуллаһ”

Салауат
“Аллаһумма солли ‘ала сәййдинә Мухаммад”
333 views03:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 20:22:08 ҮШ НӘРСЕ БӘЛЕ-ЖАЛАНЫ ҚАЙТАРЫП, МОЛШЫЛЫҚ ӘКЕЛЕДІ:

1. Дұға жасау
"Егер тілек, сиынуларың болмаса, Раббым сендерге қарамайды" ("Фұрқан" сүресі, 77-аят)

2. Нығметке шүкірлік ету
"Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін" ("Ибраһим" сүресі, 7-аят)

3. Жоқ-жітікке қарайласу, әлсіздерге көмек беру. «Әлсіздерді іздеңдер, өйткені сендерге көмек пен ризық сол араларыңдағы әлсіздеріңнің арқасында беріледі» (Әбу Дәуд)
359 views17:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 08:36:37 Ассаламу алайкум құрметті оқырмандар! Шәкірттердің ілім алуына қаржылай ат салысқан барша жандарға Алла разы болсын. 155 мың теңге жиналды. Мақсатымыз қомақты қаржы жинау. Сол үшін бүгінге тағы қалдыра тұрамын. Осы мүмкіншілікті пайдаланып қалыңыздар иншаа Алла.

Төлем жасау үшін:
Каспий голд: 4400 4301 6330 2265
Каспий голд номер: +7 777 572 13 13
Каспий карта атауы: Ханафин О.

Алла қабыл етсін.
146 views05:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 18:44:55 Қияметте бұл сөзді есту үлкен қауіп

Ұстаз Ерлан Ақатаев
136 viewsedited  15:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 15:50:34 Алайда кейіннен олардың орнын нашар ұрпақ басты. Олар намазды тәрк етті, (әйел, бала-шаға, дүние-мүлік, мансап, атақ-абырой сынды дүниелік нәрселерге қызығып) нәпсілері қалаған нәрселердің соңына түсті. Олар түптің түбінде құрдымға (немесе тозақтағы терең сайға) құлап, сазайларын тартады.

(«Мәриям» сүресі 19:59)
189 views12:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 09:58:54 Түбірлес сөздер:

Ғафр (غفر) тілдік мағынасы – жасыру, орау, бүркеу

Миғфар (مِغفَر) – басты соққылардан қорғаушы дулыға. (шлем)

Мәғфира (مغفرة) – кешірім.

Ибн Ражаб әл-Ханбали (Алла оны рахымына алсын) Алладан болатын мағфират жайлы:

«Мәғфират дегеніміз – кешірім. Алайда сол кешірім қалай жүзеге асады?

Мағфират – Алла Тағала пенденің жасаған күнәларын жасыруы. Және сол жасыруы арқылы адамды күнәлардың зардабынан қорғауы»,-дейді.
240 views06:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 09:58:54 Алла елшісі (ﷺ) былай дейді:

«Мүмін – мүміннің айнасы».

(Бұхари, Муслим)

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы хадисте мүмінді айнаға ұқсатты.

Айна – үнсіз әрі шыншыл. Яғни, мүмін басқа мүміннің қателігін көрсе, ешкім жоқта үнсіз әрі шыншыл насихат қылуы қажет.

Мухиддин Аууама әкесі шейх Мухаммад Аууамадан жеткізді (حفظهما الله).

[“Мин сихах әл-ахадис әл-қисар” 166-хадис түсіндірмесі]
219 views06:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 16:52:30 “Берекенің” бізге белгілі екі ортақ мағынасы бар:

1) Тұрақтылық пен бекемділік

2) Өсу мен өну

Мухаммад Аууама (حفظه الله)
[ من صحاح الأحاديث القدسية ]

Алладан ісіңізге береке беруін сұрайтын болсаңыз, екі мағынасын да іштей ниет қылғаныңыз абзал болмақ.
113 views13:52
Ашу / Түсініктеме