Get Mystery Box with random crypto!

Алла қаласа бұл аспаптар маған пайда береді, Ал Аллаһ қаламаса | ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

Алла қаласа бұл аспаптар маған пайда береді, Ал Аллаһ қаламаса ол бізге пайда бермейді .Бұл вирусттың өзінде ешқандай күш жоқ, вирусқа әмір қылып жатырған, бұйрық жүргізіп жатырған иесі бар! біз онда, вирусқа жалбарынбай вирустан қорықпай сол вирустың иесіне барайық!

"Йа, Раббым Алла! бүкіл әлемдердің Раббысы, бүкіл әлемге бұйрық беретін Алла! вирусыңа айт! маған ауруды жұқтырмасын, вирусыңа әмір қылма! бұл ауруды маған әкелуіңе, ауруыңа әмір қылма! Себебі бұлар сенің әмірің болмаса жұмыс жасай алмайды, Ей, Раббым Алла! " ,деп солай Алланы разы қылатын амалдар жасайық, Алла Тағала құранда айтады: وَٱسْتَعِينُواْ بِٱلصَّبْرِ وَٱلصَّلَوٰةِ‌ۚ

Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер.(2:45)

Мұсылман бауырлар ауруға деген сеніміміз дұрыс болсын! Құралдарды қолданыңыз бірақ құрал мені 100% құтқарат, деп ойламайық, Аллаһ Тағала қаламаса құралда пайда бермейді осыны естен шығармайық мұсылман бауырлар.

Қашан Аллаһ әмір қылса істейді Алланың әмірі болмаса істей алмайды.

Біз вирустан емес оның Иесінен қорқайық! Аллаһ қаласа сол ауруды адамға жұқтырады, ол қалай сақтансада, ал Аллаһ қаламаса ол вирус өздігіннен бізге жұқпайды .Барлығы Аллаһтың қалауымен болатын жағдайлар мұсылман бауырлар .Біз Аллаһға кәміл иман келтіруміз керек.

Ұстаз Исрафил Бегей (хафизахуЛлах)

P.S Ұстаздың айтқан уағызнан үзінді сөз, бұл уағыз ұзақтау, толық нұсқасы телеграм: @israfil_begei каналында