Get Mystery Box with random crypto!

*_اللَّهُ أَكْبَرُ اللَّهُ أَكْبَرُ لَا إلَهَ إلَّا اللَّهُ وَ | ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

*_اللَّهُ أَكْبَرُ اللَّهُ أَكْبَرُ لَا إلَهَ إلَّا اللَّهُ وَاَللَّهُ أَكْبَرُ اللَّهُ أَكْبَرُ وَلِلَّهِ الْحَمْد_*

*_“Аллаһу Әкбәр, Аллаһу Әкбәр, ләәә иләәһә иллаллааһ, уАллаһу Әкбәр, Аллаху Әкбәр уә лилләәһил-хамд”_*

_*Тәкбір тәшриқке қатысты бірнеше ереже:*_

1. Тәкбір тәшриқті айту ер мен әйелге уәжіп.

2. Әр парыз намаздан кейін *бір рет* тәкбір тәшриқ айту уәжіп.

3. Тәкбір тәшриқ Зүл-хиджаның 9-ы таң намазынан бастап, Зүл-хиджаның 13-і екінті намазына дейін айтылады. Барлығы 23 [парыз] намаз.

4. Әйелдер хайыз кезінде тәкбір тәшриқ айтпайды.

5. Тәкбір тәшриқті екі жаққа сәлем бергеннен кейін айтады. Егер, тәкбірді айтуға ұмытса, сол отырған күйі есіне түссе, тәкбір тәшриқті орнынан тұрмастан бұрын айту керек. Бірақ, адам намаздан кейін сөйлесе, намаздан кейінгі орнын ауыстырса немесе дүниелік бір іспен шұғылданса, онда уәжіп мойнынан түседі.

6. Тәкбір тәшриқті Жұма намазынан кейін айту керек және оны айт намазынан соң айтуғада болады.

7. Үтір намазынан кейін тәкбір тәшриқ айтылмайды.

8. Нәпіл намаздарынан кейін тәкбір тәшриқ айтылмайды.

9. Ауыл тұрғындары, сапарда жүргендер және намазды жеке өздері оқушылар тәкбір тәшриқті айту керек.

10. Егер, тәшриқ күндері намаз қаза болып және сол қаза болған намаздарды дәл сол тәшриқ күндері өтеуге мүмкіндік болған болса, онда тәкбір тәшриқті сол қаза намазды өтегеннен кейін айту керек.

11. Егер, қаза болған намазды тәшриқ күндерден басқа күндері өтесе, онда тәкбір тәшриқ айтылмайды.

12. Егер, тәшриқ күніне дейін қаза болған намаздарды өтесе, онда тәкбір тәшриқ айтылмайды.

13. Әйелдер тәкбір тәшриқті жай дауыспен айтады [өздері естейтіндей], ал ер адамдар дауыстарын көтеріп айтады.

14. Жамағат намазына кешігіп қосылған адам, намазды аяқтағаннан кейін, өзі дауыстап тәкбір тәшриқті айтады.

_Муфти Әбу Әли әл-Ханафий حفظه الله_
_"Дәрул-Ифта Махмудия", Дурбан қ-сы, Оңтүстік Африка Республикасы_
_Сілтеме: http://telegram.me/abualiashari_