Get Mystery Box with random crypto!

Фикх мазһаб пен фикх раджих, және оны ұстанушылардың арасындағ | ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

Фикх мазһаб пен фикх раджих, және оны ұстанушылардың арасындағы айырмашылық. Әлбәнидің мектебі (Уаххабилердің ұстазы).

Өкінішке орай бұл Салафиттер (Уаххабилер) олардың ғалымдарымен көпшілік адамдардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Яғни бұл бишаралар білмейді бұл нәрсе дәретті бұзадыма жоқпа, бұл намаздың рукіні, бұл уажіп намаз, бұл мустахаб намаз, бұл намазды бұзады, бұл макрух намазда. Олар осылай өмір бақи адасып шатасып жүре береді. Менің есімде осыдан біраз жыл бұрын жұма намазының екініші азанына үнемі қарсы шығып жүретін бір салафит болды. Менің онымен арамызда ұзақ әңгіме болды. Соңынд мен одан дәреттің Рукндері жайлы сұрадым. Сенің дәретің толыққанды болуы үшін не істеу керек деп. Олар білмейді. Олар тек Әминді дауыстап айтуды, немесе саусақты қимылдату керектігін біледі. Ал сенің дәретің 100% болу үшін не істеу керек? Яғни бұл осы Фикхқой. Ол үшін Мазһаб ұстану керек. Фикхта Хадисте келмеген сондай әр түрлі сұрақтар болады. Сондай жағдайда не істеу керек? Намазды не нәрсе бұзады бұзбайды сен "Булуғул Маромда" таппайсың. Не сонда? Онда біз оларға Уаххабилерге жауап берген жағдайда олар, Аллаһ тағала өз затымен аршының үстінде, біз айтамыз Аршы болмай тұрып қайда болды деп. Маған айтады, бұл сұрақты қойып керегі жоқ, бұл бидғат дер. Онда фиқх жайлы сұрақ Булуғул Маромда келмеген болса, ондай сұрақ қоймаңдар хадисте келмеген сұрамаңдар бұл жайында деп айту керек. Онда бұл Тақлид. Мужтахидтердің қиястарына тақлид. Егер тақлид қылуға болмайтын болса мұндай жағдайда қалай болмақ?

Кім "Сияру а'ләм ән Нубәлә" ны оқыса түсінеді, бұл Әлбәнидің манхаджы сәләфтарға ешқандай қатысы жоқ. Олардың талас тартыс мәселесінде қандай пікірді ұстанғандығы сияқты. Қаттылық, жеккөрушілік, менсінбеушілік, басқа пікірге жеккөріштілік таныту, үнемі қарсыластарына моральдық террор жасау, кінәләу, қорлау жамандау, бұлардың бәрі сәләфтарға мүлдем жақын келмейді.

Басында мен айтқандай бұл Әлбәнидің фитнасы кетті. Бірақ ол қалдырған зияны қалды. Ілімге қалдырған зияны және мына бишаралар (уаххаби студенттері) жылдарын сарп етіп олар біз фиқхты оқып жүрміз деп ойлайды. Ақиқатында олар еш нәрсе оқыған жоқ. Бұлар адамдарды шошытып адастырып, және ақырында бұлардың ғибадаттары қандай да бір мазһаб бойынша дұрыспа дұрыс емеспе белгісіз.

Ұстаз Махмуд Шакир "Далаа'илул 'Ажаз" ға жазған түсіндірмесінде айтады, Мухаммад Абду пайда болған кезде ол сондай зиян әкелді сосын жоқ болды. Бірақ ол қалдырған зиян қалды. Сол сияқты Әлбәни, ол әкелген зияны қалды. Ал қазір ол актуалды емес. Салафиттер үшінде, біз үшінде әрине. Біз үшін ол ешқашан актуалды болмаған. Олар үшінде ол бір Муржит болып сызылды. Тіпті хадис мәселесінде де оған ешкім көп сүйенбейді. Тек оның Муқалиттерінен Мадхалиттерден басқа. Бірақ оның әкелген зияндары әрине қалды. Және оның мұсылмандарға ислам ілімдеріне әкелген жаман істерін зияндарын көріп жатырмыз.

[Адабул Ихтиләф: Шейх Мухаммад Аууама]


Лектор Муфтий Әбу Әли әл Ханафи хафизаяһуллаһ.

Соңы...

Daarul Haqq
https://t.me/daarul_haqq