Get Mystery Box with random crypto!

МЕН БАҚЫТТЫ ЕКЕНМІН! Көрерге жарық көзім бар, Көкейде өткір с | Айсұлу Ғабитқызы

МЕН БАҚЫТТЫ ЕКЕНМІН!

Көрерге жарық көзім бар,
Көкейде өткір сөзім бар
Тəңірден келген өлшеулі,
Темірдей мықты төзім бар.
Мен бақытты екенмін!

Жылытар жанды нұрлы күн,
Жан жарамды пайымдар.
Жол таппайтын түндерде,
Жарық сəулелі Айым бар.
Мен бақытты екенмін!

Сыйлағанын Алланың!
Не берсе де көтердім.
Таудай биік арманға,
Еңбектеп, өрлеп жетермін.
Мен бақытты екенмін!