Get Mystery Box with random crypto!

Кешеден бері жеке коучингте жүрген кәсіпкерлермен кездесу бары | MMMarketing

Кешеден бері жеке коучингте жүрген кәсіпкерлермен кездесу барысында мына нәрселерді түсіндім

Әр кәсіпкердің артықшылығы болады, біреуінде өте сапалы өнім, екіншісінде тиімді поставщик, үшіншісінде мықты маркетинг команда деген сияқты. Кәсіпкердің жұмысы сол артықшылығын анықтап минус жағын жабатын мықты менеджер немесе партнер таба алуы керек Бірақ мына нәрселер оған кедергі:

1 кедергі: Осы кезде ең қиыны басқа адамға сенбеу, күмәндану сияқты кәсіпкердің басындағы травмалар кедергі болады;

2 кедергі: Ондай адамды тапқанның өзінде, табысты бөліскісі келмей қызғаныш сезімі жеңіп кетеді. Оданша өзім жасай бергенім дұрыс емес пе деген ойға келеді;

3 кедергі: Өзіне ыңғайлы, бірақ әлсіз адамды қасына алуы, себебі ол адам оның бүкіл айтқанын жасайды, қанша берсе соншаға көнеді, ақша сұрамайды, нәтижесінде компания дамымай қалады.

Осы нәрселер біраз бизнестің дамуына кедергі, бізде тек өзіміз ғана байысақ, басқалардан үнемі алда болсақ, бәрі мені мойындаса деген тәкәппарлық, қызғаншақтық сезімдер үнемі жеңіп кете береді. Бөлісуді үйренейік достар

Қорытынды: Өзіңіздің артықшылығыңызды анықтаңыз, Алла әрқайсымызды бір жақтан артық еткен, қалған жағымызды дамыту үшін берекемізді басқалармен қосылып, бірлесе жұмыс жасау арқылы беретіндей етіп қойған, мен оған қатты сенемін