Get Mystery Box with random crypto!

Мен сенің орныңда болсам… Неге кәсіпкерлер түрлі тренингтарға | MMMarketing

Мен сенің орныңда болсам…

Неге кәсіпкерлер түрлі тренингтарға барады? Неге ментор іздейді? Не үшін орта іздейді? Себебі кәсіпкерлерге өз бизнесіне деген сыртқы көзқарас жетіспейді. Яғни кәсіпкер өз бизнесінің ішінде жүргенде бизнестің минустары, әлсіз тұстары байқала бермейді. Сол себепті кәсіпкерлерге ары қарай даму үшін өз бизнесіне деген сыртқы көзқарастың болуы өте маңызды.

Осы себепті осыдан біршама уақыт бұрын кәсіпкерлерге кішігірім көмектесіп, пайдамды тигізу мақсатында «Мен сенің орныңда болсам…» атты жобаны бастаған болатынмын. Бұл жобада бір оқырманымның кәсібіне разбор жасап, өз көзқарасыммен кем тұстарын анықтап, ары қарай қалай дамуға болатынын айтатын боламын.

Сол жоба аясында оқырмандарымның арасынан өз кәсібіне разбор жасауға көптеген өтініштер түсті. Соның ішінен интерьер дизайн саласымен айналысатын оқырманымның «Arthome» компаниясына разбор жасап, ары қарай қалай дамуға болатынын анықтап көрген болатынмын. Сол туралы осы постымда сол бизнеске деген сыртқы көзқарасымды сіздермен бөлісетін боламын.

Интерьер дизайнер - бұл тұрғын үй немес офис бөлмесінің толық оформлениесі мен дизайнын жасайтын маман. Интерьер дизайнердің міндеті - бөлменің ішінде ыңғайлылық пен жағымды эстетика сыйлай алу.

Не үшін дәл осы саланы таңдадым?

Біріншіден, сарапшылардың айтуынша соңғы жылда интерьер дизайн саласына сұраныс 30%-ға өскен. Мысалы, АҚШ-та 60 мыңнан астам интерьер дизайнерлері бар екен. Яғни бұл интерьер дизайн саласына деген сұраныс жыл сайын артып келе жатқанын білдіреді. Оған дәлел: Құрылыс нарығының өсуі, жайлы тұрғын үй жағдайын жасауға сұраныстың артуы, жылжымайтын мүлік нарығының кеңеюі және т.б.

Екіншіден, интернеттен ерекше дизайнда жасалған әдемі пәтерлерді қарап отырғанды жақсы көремін және осы салаға байланысты квартирный бизнесімді бастаған да болатынмын. Сол үшін де осы интерьер дизайн саласы өзіме қатты қызық болып көрінді. Әрі осы саламен бір бағытта болғаннан кейін өз ойымды толық айта аламын. Сол себепті, оқырманымның осы интерьер дизайн саласына тоқталдым.

Посттың толық нұсқасын төмендегі суреттерден оқи аласыз