Get Mystery Box with random crypto!

Өзін-өзі сататын өнімді қалай жасаймыз? Алдыңғы «Qurmet musli | MMMarketing

Өзін-өзі сататын өнімді қалай жасаймыз?

Алдыңғы «Qurmet muslim gifts» жайлы посттан кейін маған көп келген сұрақтардың бірі «Өз нишамда табысымды қалай көбейтсем болады? Қандай өнім көп ақша алып келеді?» деген сұрақтар. Байқасам көбісінің ойында өнімнің сапасы, клиентке беретін пайдасы, өнімнің шешетін проблема емес тек қана көп ақша табу екен.

Негізі бизнесте ақшадан бұрын ең бірінші нәрсе - ол өнім. Яғни, ақша алып келетін де өнім. Өнім болмаса бизнес жоқ. Кәсіпкердің басты міндеті өз өнімі арқылы клиенттің проблемасын шешу. Өнім мықты болып тұрса, клиенттер ақшасын өніміңізге айырбастауға үнемі дайын тұратын болады. Сондықтан, ақшаны ғана ойлай бермей, өнімнің мықтылығына, сапасына көңіл бөліп, өнімді үнемі жаңартып отыруды көбірек ойлаңызшы.

Мысалы, самсахана ашып, уақыт өте келе самсаның ішіндегі етін азайта берсем көбірек ақша таба аламын деп ойлау - ол үлкен қателік.
Оданда уақыт өте келе самсахананың ішін кеңейтіп, дизайнын жаңартып, самсаның дәмін жақсартып отырса, міне осы кезде өнім үлкен табыс әкеле бастайды. Біздегі кәсіпкерлердің ең үлкен қателігі: Өнімге мүлде көңіл бөлмеу, өнімді жаңартып отырмау.

Бізде Shonbay bussines school мектебінде осы жылы Интернет-маркетинг PRO деген атпен өнімді жаңарттық. Арнайы осы өнім үшін жаңа платформа жасап, методикасын өзгертіп, компанияға жаңадан мамандар алып, өнімге толығымен апгрейд жасап шықтық. Жаңа студенттерден бөлек, баяғы оқып кеткен студенттер білімін жаңарту үшін тағы да келіп оқып жатыр.

Сол сияқты, біздің «Qurmet muslim gifts» бокстарынан бастапқыда түскен қаражаттың барлығы сол өнімге өзіне жұмсап жатырмын. Нәтижесінде бәсекелестерден қарағанда мықты ерекше дизайнмен әрленген клиенттердің сұранысына ие өнім пайда болды. Алдағы уақытта бұл өнім өзінің мықтылығы мен сапасының арқасында бізге үлкен табыс алып келетін болады

Бизнес бастап жатқанда немесе компанияның жаңа өнімін нарыққа жаңадан шығарып жатқанда, ең алдымен критический массаға жетіп алу керек екенін түсіндім. Критический масса дегеніміз - компания қосымша инвестициясыз өзін-өзі қамтамасыз ете алатын минималды тұтынушылар саны. Яғни тұтынушылар санын белгілі бір мөлшерге жеткізу керек. Егер өнім шынымен сапалы болып жатса, халық бір-біріне ұсынып ары қарай міндетті түрде өзін-өзі алып кетеді. Критический массаға жету үшін бастапқы кезеңде ең негізгі құрал, ол - маркетинг, сондықтан да маркетингті жақсы меңгеріп, алғашқы критический массаға жеткенге дейін жарнаманың күшімен өнімді көп адамға таныстыру керек.

Мысалы, біз «Екінші болма» кітабын сатқанда, алғашқы 5000 адамға дейін ең қиын кезең болды. Ары қарай 5000 адамнан кейін ғана халықтың арасында кең таралып, халық өзі бір-біріне ұсына бастады. Сол кезде біздің кітаптың критический массасы 5000 адам екенін түсіндік. Жалпы осы күнге дейін бұл кітаптың 150.000-ға жуық данасы сатылды.

Сол сияқты «Мәдени» дәмханасын ашқанда, орналасқан жеріне қарай алғашқы критический масса 1500 адам екенін түсініп, алғашқы 1500 адам үшін қатты жұмыс жасадық. Ол жерде де алғашқы 1500 адамнан кейін тұрақты клиенттер пайда болып, дәмхана өзін-өзі сата бастады. Сондықтан өз өніміңізді нарыққа шығарарда өз критический массаңызды анықтап алыңыз.

Ал енді клиенттер бір-біріне ұсынатындай өнім қандай болуы керек?

Ең алдымен ол өнім клиенттердің үмітінен асып түсуге тырысуы керек, себебі кез келген тұтынушы бір затты аларда оған деген ожиданиесі болады, егер өнім содан асып түсе алса, ол клиент міндетті түрде риза болады және басқаларға қуана ұсынады, яғни өзі сіздің сатушыңызға айналады. Ол үшін клиенттің проблемасы мен қажеттілігін дұрыс анықтау қажет. Жоғарыда айтқанымдай кәсіпкердің басты міндеті өз өнімі арқылы клиенттің ойлағанынан асып түсу.

Упаковкасы әдемі болуы керек. Қазір нарықта өнім өте көп, клиенттер ең бірінші өнімнің сыртқы бейнесіне қарайды. Байқасаңыз, дүкен сөресінен ең алдымен әдемі упаковкаға мән беріп, сосын барып өнімнің өзіне қараймыз.