Get Mystery Box with random crypto!

Армысыздар, достар! Мен қазір, бүгінгі шыққан Forbes-ты қарап | MMMarketing

Армысыздар, достар! Мен қазір, бүгінгі шыққан Forbes-ты қарап отырып, жас миллиардерлерге көзім түсті. 40 жасқа дейінгі миллиардерлердің саны 15-ке жеткен екен . 29 жастағы криптовалютаның, IT сферасының түрлі мамандары осы 15-тікке кіреді.

Сонымен, бұл нені айтады? Қазір барлығы өзгерді, ойын ережелері жаңарды. «Қазір табыс табу үшін: үлкен команда, компания құру керек, қаншама жыл бизнеспен айналысу керек, сол жолмен ғана үлкен табыстарға жетемін» деген, ҚАТЕ түсінік болды.

Біздің соңғы Америкаға сапардан біз сол жақтын кәсіпкерлерін, жастарын көріп МҮМКІНДІКТЕРдің әр саладан бар екеніне көзіміз жетті . Интернеттің пайда болып, дамуымен үлкен өзгерістер орын алуда.

Мысалы, көрші Ресей елінде инфобизнес саласында Мари Афонина деген қыз бар. Соңғы (6 айда бір жасайтын) запускінен таза табыс 380 млн рубль, яғни 2 млрд тг жасаған . ИНФОБИЗНЕСТЕН,ойлап көріңіздерші. Сол сияқты біздің айналамызда көптеген жас кәсіпкерлер, блогерлер бар. Солардың бірі Қыран Талапбек өзінің «Мобилография» курсымен бірнеше миллиондар табуда. Бар жоғы 24 жастағы жігіт, айналасындағы бірнеше жыл бойы, қаншама күшін,уақыт,энергиясын салып айналысып келе жатқан кәсіпкерлердің жеткен жетістігін, миллиондаған табыстарын бір дегенде жетіп алды .

Бұл не деген сөз? Кәсібі барларға қазір ойын ережелерінің өзгергенің қабылдап, өзгеріп, бейімделу керек. Немесе олар қазір осы жолмен жүрсе, қадалады .

Ал, жастарға мүмкіндіктің көбін: әртүрлі ғаламтор желілерін(Тик ток, Инстаграм, Ютуб, Телеграм, Снэпчат) пайдаланып, кез келген салада мықты табыс табуға болады .

Forbes–тың осы мақаласын оқып отырып, осындай керемет ойлар пайда болып, сіздермен бөлісуді жөн көрдім .

Төменге бұл мақаланың өзін салып қоямын , сіздерде оқып,мықты мотивация алып, жігерленіп алады деген ниеттемін.

Тоқтамай жұмыс жасап, еңбектеніңіздер.
Ойын ережесі өзгерді, соны қабылдап, бейімделіп, жаңа табыс, жетістіктерге жете беріңіздер