Get Mystery Box with random crypto!

'Меритократия. Адалдық. Инновациялар' конференциясы басталды | 🇰🇿 АКАДЕМИЯ ГОСУПРАВЛЕНИЯ

"Меритократия. Адалдық. Инновациялар" конференциясы басталды

Шараға әлемнің 30 елінің өкілдері келіп, Астана мемлекеттік қызмет хабына қатысушы елдердің үздік тәжірибелері талқыланды.

Конференцияның ашылуында Астана хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов: «Пандемия көрсеткендей, қысылтаяң шақта азаматтар үкіметтерден уақытылы және тиімді шешімдерді күтеді. Өз кезегінде бұл кәсібилік және ашықтықпен қатар халықаралық озық тәжірибені өз елінің игілігі үшін пайдалануды қажет етеді. Бұл да Хаб жұмысының өзектілігін айқындайды», – деді.

Конференцияға 100-ден астам ұйым мен 30 елден 300-ге жуық қатысушы қатысады. Шараны ұйымдастырушылар: Астана мемлекеттік қызмет хабы, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.