Get Mystery Box with random crypto!

АҚТАУ ХАЛҚЫ НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ШЫҒУДА! Маңғыстауда #көпбалал | 1612 INFO

АҚТАУ ХАЛҚЫ НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ШЫҒУДА!

Маңғыстауда #көпбалалы_аналар, алаяқтардың кесірінен несиеге ұрынған және жаппай қымбатшылықтан қиналып жүрген азаматтар #Ақтау қаласында облыстық әкімшіліктің алдына #наразылық_акциясына шығуда. Әдеттегідей, бұл жолы әкімнің орынбасары халықты алдап, қайтармақшы болды. Дегенмен, бұл ұры биліктің уәделеріне сенуге болмайды.

Назарбаев пен оның әулеті осы күнге дейін халықтан ұрлаған барлық миллиардтаған активтерін мемлекетке әлі қайтарған жоқ және қайтарғысы да келмейді. Қазіргі билік халықты тек құл ретінде көреді.

Ресеймен барлық одақтарынан, соның ішінде Еуразиялық кеден одағынан шығуымыз керек! Санкцияларға ұрынған Ресей, Қазақстанның экономикасын да құрдымға әкетіп бара жатыр. Кеден одағының кесірінен және Тоқаевтың сатқындығынан еліміздегі бағалар шарықтап өсуде. Жалақылар өте төмен.

Халықтың әл-ауқаты төмен, еліміздің экономикасы құлдырауда. Ал жағымпаз Тоқаев Путиннің сойылын соғуда. Сатқын билік қазақ елінің мүдделерін Ресейге жығып беруде. Авторитарлық режимдерді болдырмау үшін Қазақстандағы #президенттік_лауазымды_жою және #парламенттік_республика құру қажет. #Саяси_қудалаулар_тоқтатылсын! Бірігейік достар! Наразылықты қолдап шығайық, ағайын!

#Маңғыстау #30_мамыр #2022ж