Get Mystery Box with random crypto!

Әссәләмуалейкум Алла қаласа 3-ақпан ақшамда Ережеп айы кіре | ИМАНИ_ГҮЛ

Әссәләмуалейкум

Алла қаласа 3-ақпан ақшамда Ережеп айы кіреді. Бұл ай қасиетті саналған айлардың бірі. Рамазанға дайындық айы.

3-ақпан кіреді. Ораза ұстайтын болсаңыз бүгін, яғни 2-ақпан кешке ниет етіп жатасыз. 3-ші ақпан сәресіге тұрасыз. Таң намазына 10-15 минут қалғанда ауыз бекітесіз. Ақшам уақытында ауыз ашасыз. Ниеті, ауызекі тілде, яғни еркін. Мысалы, Алла разылығы үшін ережеп айында ауыз бекітуге ниет еттім. Сәжде.кз немесе ҚМДБ сайттарынан өз қалаңыздың намаз уақытын қарап алыңыз

Айдың ортасындағы 13,14,15 күндері ақпанның 15,16,17-сіне тура келеді. Егер ораза ұстауға ниет етсеңіз дегенім ғой. Ережеп 3-наурыз бітеді. 4-наурыз шағбан айы басталады.

Рағайып түні келесі жұмаға қараған түн.
Миғраж түні 28-ші ақпаннан 1-наурызға қараған түн.

Суретті жылжытып, ақпарат алыңыз. Барынша ең қажетті деген ақпаратты салдым. Мен де қуанып қалайын, басып, пікір қалдыра кетіңіз

Ең соңында ЕРЕЖЕП АЙЫНДАҒЫ ДҰҒА бар. Постты міндетті түрде сақтап алыңыз ДОСТАРЫҢЫЗБЕН БӨЛІСІҢІЗ, ПІКІРГЕ БЕЛГІЛЕҢІЗ, стористе бөлісіңіз иншАлла сауабын аласыз


Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл ғой, АЛЛА ТАҒАЛАМ ЕРЕЖЕП ПЕН ШАҒБАН АЙЫН БЕРЕКЕЛІ ЕТІП, РАМАЗАНҒА АМАН-ЕСЕН ЖЕТКІЗСІН