Get Mystery Box with random crypto!

Шайбан ибн Жиср әкесінен естіген мына жағдайды әнгімелейді: Ал | ILIM IZDEN

Шайбан ибн Жиср әкесінен естіген мына жағдайды әнгімелейді: Аллаһтың атымен ант етемін, Хумай әт-Тауил екеуміз Сәбит әл-Бунаниді қабіріне қойдық.Қабірді көмуге ыңғайланған сәтте аңдаусызда оның үстіне бір кірпіш түсіп кетті.Қабірге қарап едім, Сәбит намаз оқып жатыр екен.Сонда жанымдағы досым маған «айқайлама» деп ишарат білдірді.Осы оқиғадан кейін Сәбиттің қызына барып, әкесінің тірі кезінде қандай амалмен шұғылданатынын сұрадық.«Оны неге сұрадыңыздар?» – деп еді, біз болған жайтты қызына баяндадық.Қызы: «Әкем елу жыл бойы түнгі (таһажжуд) намазын тастамаған және екі қолын жайып: «Аллаһ тағалам, егер қабірде біреулерге намаз оқуды нәсіп ететін болсаң, оны маған нәсіп ете гөр!» – деп жалбарынатын.Оған түнгі құлшылықтан басқа ешбір амал жанына жақын емес еді» – деген екен.

Ибнул Жаузи, Сифатус - сафуа, 111, 263 б.
@ilimizden