Get Mystery Box with random crypto!

Әбу Осман мен Сәлман екеуі бір ағаштың түбінде көлеңкелеп отыр | ILIM IZDEN

Әбу Осман мен Сәлман екеуі бір ағаштың түбінде көлеңкелеп отыр еді.Сәлман қураған бұтақты сындырып алды да жапырақтары түскенше желпи бастады.Әбу Османға қарап: «Менің неге былай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?» – деді.Ол дереу: «Иә, неге?» – деді.Сәлман: «Бір күні Аллаһ елшісімен бірге осылайша ағаш түбінде отыр едік.Пайғамбарымыз мен сияқты бір бұтақты алып жапырақтары түскенше желпи бастады.Маған қарап: «Сәлман, неге бұлай жасап отырғанымды неліктен сұрамайсың?» – дегенде, мен оның себебін сұрадым.«Бір мұсылман жақсылап дәрет алып бес уақыт намаз оқыса мына түскен жапырақтар сияқты күнәларынан арылады» деді де, артынша: «(Мұхаммед ғ.с.) күндіздің екі жағында, (таң мен екінті намазы) түннің күндізге таяу кезінде, (ақшам мен жашайық) намазын толық орында.Шынында жақсылықтар, жамандықтарды жояды.Бұл ойланғандар үшін бір насихат» – деген аятты оқыды.

Ахмет ибн Ханбәл, «Муснәд», 5 т.437 б.

@ilimizden