Get Mystery Box with random crypto!

Айдол болу жолындағы 9 кезең. 1. Тыңдалымға дайындық Барлығ | ༘📃✧Idᴏls wᴏrld🗯️🕊️♡𝄒

Айдол болу жолындағы 9 кезең.

1. Тыңдалымға дайындық
Барлығы дайындықтан басталады! Үлкен бәсекелестікте көзге түсу оңай емес. Сондықтан тыңдалымда олар көзге түсу үшін көп дайындалады. Олар өздерінің көп уақыттарын үйде, академияда дайындыққа жұмсап, шеберлігін шыңдайды.
 
2. Тыңдалым
Шеберліктерін шыңдап болған соң, тыңдалымдарды іздеуге кіріседі. Бір компаниядан екінші компанияға тыңдалымға барып, өз өнерін көрсетеді.

3. Келісім шарт
Тыңдалым өткеннен кейін әдетте тағылымгерлермен 2 - 4 жылға келісім шартқа отырады. Бұл дебют аласың деген сөз емес. Тек сол компанияда айдол болуға үйреніп жүреді.

4.Қатаң дайындық
Тағылымгерлер тынбай ән, би, тілдер үйреніп, актерлық шеберліктерін, жоғарғы деңгейге жеткізу үшін бір - бірімен бәсекеде жүреді. Бұл кезеңнен қатаң ережеге бағынатындар ғана өтіп, келісім шартқа отыра алады.

5. Мектептен кету
Мектепте оқитындарға(немесе мансабын қуып, мектептен кететіндерге),
оқу күні 15 сағатқа дейін ғана болуы мүмкін, ал одан кейін дайындық түн ортасына дейін жалғасады.

6.Үй тапсырмасы
Тағылымгерлерге үй тапсырмасына міндетті түрде жасалатын жаттығулар, диета, және тұрақты салмағын өлшеп тұруды тапсырады. Тағылымгерлер тіпті жүріп тұру, яғни тұрақты мінез-құлық, қарым-қатынас жосығы жақсарту үшін сабақтарға қатысады.

7. Өте аз мүмкіндік
Қатаң дайындықтардан соң тағылымгерлердің тек 10% - ы ғана шынында да дебют алады. Кейбіреулері жайдан жай беріле салады, ал кейбіреулеріне дайындық жетіспейді.
 
8. Дебют
Ал міне қанша жыл дайындықтан кейін келген дебют. Бірақ бұл жеңістің басы ғана. Енді тағылымгерлерді бір топ немесе командаға жинағаннан кейін олардың мақсаттары басқа көптеген топтардын ерекшелену болады. Ал ерекшелену үшін үнемі дайындықта жүруі керек.
 
9. Танымалдылық
Мықты топтар танымалдылыққа шомылады: жарнамалық келісім шарттар, фильмдер, әдемі үйлер...
Көптен күткен балалық арман орындалды!