Get Mystery Box with random crypto!

*Алматыда тас жолдар мерзімінен бұрын жөнделеді* Негізі жыл с | 100💲

*Алматыда тас жолдар мерзімінен бұрын жөнделеді*

Негізі жыл сайынғы жол-жөндеу жұмыстары ауа райы қолайлы кезде, яғни көктемнің соңы мен жаздың басында басталады. Бірақ Алматы қалалық мобильділік басқармасы «Асфальтбетон-1» зауыты мен жолдарды жөндеуге маманданған компаниялармен өзара мәмілеге келді. Содан кейін қыста уақытша тоқтап тұрған зауыт бірден жұмысқа кірісті.

Асфальтбетон зауытының мерзімінен бұрын іске қосылуына Алматы әкімдігі мұрындық болып отыр. Әкімдік жол қауіпсіздігі үшін тұрғындардың өтінішіне құлақ асқан. Енді шұңқырлы жөндеу қаланың барлық ауданында жүргізіледі. Жолдарға толыққанды орташа жөндеуге дейінгі уақытша шара магистральдарды да, аудандық маңызы бар көшелерді де қамтиды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы бұл жұмыстарға 5 компания тартылған. Айта кетейік, биыл ұзындығы 200 шақырым болатын 220 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. 180 мың м2 астам жол ағымдағы жөндеуден өтеді.