Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда қаңғыбас жануарларды ұстау қағидасы өзгерді Қала мәс | 100💲

Алматыда қаңғыбас жануарларды ұстау қағидасы өзгерді

Қала мәслихаты үй жануарын ұстау және серуендетудің жаңа қағидасын бекітті. 8 ақпанда күшіне енеді.

Қағидаға сәйкес, жануарға жарақат пен зақым келтірмей ұстау керек. Қаңғыбас иттің адамға, қоғамға зияны тимесе, балалардың көзінше ұстауға болмайды.

Уақытша ұстау пунктінде итті бағу қағидасына ерекше назар аударылды. Ит торға бір-бірден қамалады, тор емін-еркін тұруға, жатуға және айнала алатындай кең болуы керек.

Қағидамен мына сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады:
- Алматыда жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидасы
- Алматыда үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидасы

Карусельде қағидадан үзінді бар

Facebook | Instagram | Telegram