Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда арық желілерін жаппай тазарту басталды 626 шақырым а | 100💲

Алматыда арық желілерін жаппай тазарту басталды

626 шақырым арықтар қардан, мұздан, лай мен қоқыстан тазартылды. Осылайша, коммуналдық қызмет еріген қар және нөсер судың еш кедергісіз ағып кетуіне дайындайды. Күн сайын 82 бірлік техника және 300-ге жуық жұмысшы арық желісін тазалайды. Жұмыс ақпан айының соңына дейін аяқталады. Қала аумағында барлығы 1525 шақырым арық бар.

Бұған қоса, қалада бүкіл арық жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Арықтар мен коллекторлар қоқысқа толып, кәрізге қосылмаған. Былтыр су басқан 72 учаскеде құрылыс басталды. 63 учаскеде жұмыстар аяқталды (89%).

Қазір не істелді?
ұзындығы 18,7 км 12 су бұру коллекторы қалпына келтірілді;
жалпы ұзындығы 11,2 км 8 канал салынып, 2 канал қалпына келтірілді;
7 км арық желісі қайта жаңартылды және салынды;
15 құбырлы өткел реконструкциядан өтті;
1,4 км өзен арнасының жағалауы күшейтілді.

Былтыр күзде жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша бұл аумақтарда су тасқыны тіркелмеген.

Facebook | Instagram | Telegram