Get Mystery Box with random crypto!

Шейх Солаһ ибн мухаммад Ғонам рахимаһуллаһ Пайдаларынан: Уа А | hureey.ra

Шейх Солаһ ибн мухаммад Ғонам рахимаһуллаһ Пайдаларынан:

Уа Аллаһтың құлдары, Уа осы күннің тірілері, ертеңгі күн өлілер арасында болатындар! Ертеңгі күні баратын жер жәннатпа әлде Тозақ па?!
Ертеңгі күнгі қуанышқа немесе қайғы қасіретке, ертеңгі күнгі абыройсыздыққа немесе бақытқа НЕ ДАЙЫНДАДЫҚ? Рабымызға не нәрсе ұсынамыз? Ақыретімізге не қамдандық?

یَـٰۤأَیُّهَا ٱلَّذِینَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَلۡتَنظُرۡ نَفۡسࣱ مَّا قَدَّمَتۡ لِغَدࣲۖ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ خَبِیرُۢ بِمَا تَعۡمَلُونَ

Ей, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар да, əрбір жан иесі ертеңгі күніне (ақыретіне) не дайындап қойғанына қарасын. Аллаһтан қорқыңдар. Расында, Аллаһ сендердің не амал жасап жатқандарыңнан толық хабардар
[Хашр сүресі -18]

Аллаһтан қорқыңдар! Расында Ол Кешіруші Мейірімді, жəне де ол сондай Аллаһ, оның азабы күйзелтуші азап.
Аллаһтан қорқыңдар расында Ол жәннатты жаратқандай тозақты да жаратты. Аллаһтан қорқыңдар! Расында ол тақуаларға бақытты өмір əзірлегендей, кəпір күнəһарларға да азап əзірледі. Аллаһ елшісі ﷺ айтты;
Мен, одан қорқып қашушысы ғапілдікте болған От сияқты азапты көрмедім. сол сияқты сұраушысы, талап етушісі ғапілдікте болған Жәннат сияқтыны да көрмедім.
Жәннат жəне Тозақ анық дайын болды. Ал Мені мен Сен ғапілдіктеміз.

Оның ішінде мəңгілік бақыт əзірленген.. əлгі көз көрмеген жəне құлақ естімеген жəне адамзаттың жүрегіне де кіріп шықпаған нəрселер даярланған. Міне осылар саған.. Ал сен болсаң одан жиіркенесің теріс бұрыласың! Не себепті жəне не үшін??
Шамаң жетпейтін істі міндеттеген әйел себептіме?
Саған күндіз де,түнде де қарсы келетін Бала себептіме?
Жолдас себептіме? сен үшін емес, өзі үшін(өз пайдасы үшін) сені қалайтын?!
Ал Аллаһ عز وجل сенен еш нəрсе қаламайды! Бүкіл əлемдердің Раббысы Аллаһ бізден еш нəрсе қаламайды! Ол бізді жарылқағысы кешіргісі келеді, сол үшін бізге соған апаратын себептерді баяндады. Бізді мейіріміне алғысы келіп дүние аспанына түседі.
Ол Аллаһ барлық кемшілік атаулыдан пәк, ол аса Ұлы құдіретті Аллаһ дүние аспанына түседі де өзінің ғапілетті құлдарына айтады;

"Тəубе қылушы барма тəубесін қабыл етейін?
Кешірім сұраушы барма оны кешірейін?
Жалбарынушы барма оны мейіріміме алайын?,- дейді.
Ал біз болсақ ғапілдіктеміз, ал біз болсақ немқұрайлылықтамыз..
Бұл не деген сенімсіздік?!
Бұл не деген қорлық?!
Пенде осы өмірден өтіп жатыр, одан еш нəрсе алмады.
Тек қасірет қана алды..
Əй мұсылмандар қауымы! Аллаһ қызықтырғанға (шақырған нəрселерге) ұмтылыңдар.
Аллаһ сақтандырғандардан Сақтаныңдар!
Аллаһ қорқытқаннан Қорқыңдар!
Расында Аллаһ Күдіксіз қатты азап иесі, Оның азабы күйзелтуші, оның жазасы өте қатерлі.
Егер Заққумның(тозақтағы ағаш - оның жемісі күнəһəрлардың тамағы) бір тамшысы дүниеге түссе, адамдардың өмір тіршілігін сол сəтте құртып жіберер еді.
Олай болса тағамы жəне сусыны сол ағаштан болғанның хəлі қалай болмақ?!
Егер тозақтың бір "үһ" деген тынысы осы дүниеге келсе, сол сəтте осы дүниені де, жəне оның ішіндегіні де күйдіріп жіберер еді.
Олай болса төсек орны оттан болғанның хəлі қалай болмақ?? Көрпе жамылғысы отта болса ше??
Сусыны отта болса ше?!..
Ұйықтайтын орны жəне мекені отта болса ше?!
Осы орын менің немесе сенің орның болуы мүмкін екенін білесіңбе?!
Біздің біреуіміз Оттың тұрғындарынан болуымыз мүмкін..