Get Mystery Box with random crypto!

​​ Бүгінгі түн Қадыр түні болуы мүмкін! لَيْلَةُ الْقَدْرِ | Хиджабтағы Ару🌺

​​ Бүгінгі түн Қадыр түні болуы мүмкін!

لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ
«Қадыр түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр сүресі, 3 аят)

ابي هريرة رضي الله عنه أن النبي صلى الله عليه وسلم قال: "من قام ليلة القدر إيماناً واحتساباً غُفِر له ما تقدم من ذنبه" خرّجه البخاري
ومسلم،

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын): Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім Қадыр түні иманмен және сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі» (Бұхари риуаяты).

Қадыр түні қай түні екені белгісіз болуымен де қадірлі. Қадыр түнінің бар екендігі хақ. Бірақ ол Рамазанның соңғы тақ түндерінің біріне жасырылды. Оның нақты қай күн екендігі жайлы Пайғамбарымыздан ﷺ әртүрлі деректер жеткен. Ал, сахабалардан жеткен риуаяттарға сәйкес, ғұламалар арасында 23 түрлі пікірлер айтылған. Оның арасында 21-ші түні деген деректерде кездеседі.

Осыған қатысты Ғұбада ибн Самит: «Алла елшісі ﷺ Қадыр түнін хабарлауға шықты. Осы кезде екі мұсылман кісі жанжалдасып қалды. Сонда ол ﷺ: «Негізінде, сендерге Қадыр түнін айтқалы шығып едім, пәленше мен пәленше жанжалдасып (тұрғанын көріп), (ол) есімнен көтеріліп кетті (оны ұмытып қалдым). Бәлкім, бұл сендерге қайырлы болар, (енді Қадыр түнін) жетісінде, тоғызында немесе бесінде (Рамазанның соңғы ондығының жетінші, тоғызыншы және бесінші түндерінде) іздеңдер»,—деді» (Бұхари риуаяты).

Алла Елшісінің ﷺ өзі де Рамазанның соңғы он күндігінде ерекше ынтамен құлшылықты күшейтетін болған. Бұл туралы Айша анамыздың «Рамазанның соңғы он күндері келгенде, Алланың Елшісі ﷺ түндерін намазбен өткізетін, отбасы мүшелерін де оятатын және құлшылықтарында ерекше ыжтаһадтылық танытатын» ,‒ деп айтқан (Бұхари мен Муслим риуаяты).

Жалпы жалпы мұсылман баласы осы соңғы 10 күндіктің тақ түндерін ерекше құлшылықпен өткізуге тырысу керек. Өйткені, 27-ші түн деген риуаят мәшһүр болса да, хадистегі «оны соңғы он күндіктің тақ түндерінен іздеңдер» тіркесі соңғы тақ түндердің кез келгені қасиетті Қадыр түні болуы әбден мүмкін екендігін білдіреді.

@Mihrab_kz