Get Mystery Box with random crypto!

Астана күніне орай сізге еліміздің бас қаласы жайлы 25 деректі | ХАЛЫҚ ҮНІ

Астана күніне орай сізге еліміздің бас қаласы жайлы 25 деректі ұсынамыз

Халық саны – 1 376 528 адам (2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша)
Ерлерге қарағанда әйелдер көп: 52,3% – әйелдер, 47,7% – ерлер
Қазақстан бойынша Астана есімді 26 адам бар
25 жыл ішінде Астанада 430,1 мың бала дүниеге келді
18 жасқа дейінгі балалар саны – 444,4 мың, оның 229 мыңы – ұлдар, 215 мыңы – қыздар
25 жыл ішінде елордада 181 мыңнан астам неке тіркелді
Қартаю индексі – 15,6 (100 балаға 65 жастан асқан келетін қарттар саны)
Тұрғындардың орташа жасы – 30,4 жас
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 77,3 жас
25 жыл ішінде мектептер саны 116 бірлікке өсті. 48-ден 164 бірлікке дейін
ЖОО саны – 14
Театрлар саны – 9
Мұражайлар мен кітапханалар саны – 32 бірлік
Жалпы өңірлік өнімнің республикалық көлемдегі үлесі – 10,2%
Тіркелген заңды тұлғалардың саны – 97602 (2023 жылғы 1 маусымға)
Шағын және орта бизнес саны – 89 428 бірлік (2023 жылғы 1 маусымға)
Құрылыс саласындағы компаниялар саны – 18,2 мың (Республика бойынша 1-орын)
Экономикадағы жұмыспен қамтылған халық – 655,3 мың адам (2023 ж. 1-тоқсан)
Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы – 239,8 мың теңге (2022 жылғы IV тоқсандағы есеп бойынша)
Тұрғын үйлер саны – 29,6 мың (2022 ж.)
Автокөліктер саны – 334,6 мың (Республика бойынша 3-орын)
Интернет желісіне тіркелген абоненттер саны – 317,4 мың бірлік
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің саны – 685 бірлік (Республика бойынша 1-орын)
Қонақ үй бизнесі 2022 жылы 238,5 мың шетелдікті қабылдады
5 жұлдызды 6 қонақ үй бар

https://t.me/halyquni