Get Mystery Box with random crypto!

Артспорт жүйесі: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысы | Қазақстан Халық партиясы

Артспорт жүйесі: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысы балалардың бұқаралық спортын және балаларды оқытуды «жоюы» мүмкін.

Қазақстанда ұлт бірлігіне, балалардың спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасаудың орнына бағдарлама тоқтатылды. Себеп ¬– бюджет тапшылығы. 500 мыңға жуық бала енді 15 000 үйірмеге бара алмайды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған өзгерістер «Артспорт» жүйесін мүлдем жоқ қылып жіберуі ықтимал. Жаңашылдық балалардың құқықтарын шектеп қана қоймай, спорттық және білім беру қызметін жеткізушілерге де кері әсер етеді.
Қазақстан Халық партиясы осы саладағы сарапшылардың басын біріктірген алғашқы саяси күштердің бірі болды.
Ертең, 2022 жылғы 5 шілдеде онлайн-диалог өтеді.
Спикерлер: ҚХП төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев, Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Парламент Мәжілісінің депутаттары Ирина Смирнова, Константин Авершин, сондай-ақ белсенді ата-аналар мен «Артспорт» жүйесі бойынша қызмет көрсетушілер.
Осы сілтеме бойынша онлайн-трансляцияға өтіп, пайымды пікір мен нақты ұсыныстарды білуге болады.
Құрметті редакциялар, 5 шілдеде сағат 11.00-де үлкен диалогтың онлайн-трансляциясын тамашалаңыздар. Өте қызық болады!

Система Артспорт: предложения Минкультуры и спорта РК могут «похоронить» детский массовый спорт и обучение детей.

Вместо единения нации и создания условий детям для занятий спортом и творчеством в Казахстане программа приостановлена. Причина – дефицит бюджета. Порядка 500 000 детей теперь не могут посещать 15 000 кружков и секций.

Предлагаемые Министерством культуры и спорта РК изменения могут «поставить крест» на системе «Артспорт» вообще. Новшества не только ограничат права детей, но и ударят по поставщикам спортивных и образовательных услуг.
«Народная партия Казахстана» первой из политических сил объединила
экспертов в этой сфере. Завтра, 5 июля 2022 года состоится онлайн-диалог.

Спикеры: заместитель председателя «НПК» Рахим Ошакбаев, Уполномоченный по правам детей Аружан Саин, депутаты Мажилиса Парламента Ирина Смирнова и Константин Авершин, а также активисты-родители и поставщики услуг по системе «Артспорт».
Переходите по этой ссылке на онлайн-трансляцию и узнайте авторитетные мнения и конкретные предложения.
Уважаемые редакции, добро пожаловать 5 июля в 11.00 на онлайн-трансляцию большого диалога. Будет горячо и интересно!