Get Mystery Box with random crypto!

Бюрократия жекеменшік балабақшаларды тығырыққа тіреді Еліміз | Қазақстан Халық партиясы

Бюрократия жекеменшік балабақшаларды тығырыққа тіреді

Еліміздегі жекеменшік балабақшалар жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылдың 12 мамырынан 5 шілдесіне дейінгі кезеңдегі қаражатты қайтару туралы талабына тап болды. Бұл қаражат жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс аясында төленген болатын.

Осы мәселеге байланысты Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гаухар Нұғманова ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады.
#Жекеменшік #балабақшалар пандемия жағдайында жұмыс істеп, өздеріне сеніп тапсырылған мемлекеттік тапсырысты орындады. Заңның кері күші жоқ, сондықтан #ҚХП Қазақстан Үкіметін шағын бизнес субъектілерінің мүддесі үшін жедел әрі оңтайлы шешім қабылдауға шақырады.