Get Mystery Box with random crypto!

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов биыл халыққа көрсетілетін | Қазақстан Халық партиясы

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов биыл халыққа көрсетілетін медициналық көмекті қаржыландыруға 2,5 трлн теңгеден астам, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,4 трлн, МӘМС бойынша – 1 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылатынын атап өтті.

– Бүгінгі таңда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жеңілдік қарастырылған тізіміне инновациялық препараттарды енгізуде қиындық бар, – деді ол. – Еуропа мен АҚШ-та мақұлданған жаңа технологиялар Қазақстанда едәуір уақыттан кейін ғана қолжетімді болады. Бұл көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына әсер етеді.