Get Mystery Box with random crypto!

Халық партиясы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды 31 ма | Қазақстан Халық партиясы

Халық партиясы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр, көктемнің соңғы күні Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Қазақстан Халық партиясы АЛЖИР мемориалдық кешеніндегі ескерткішке қызыл қалампыр қойып, заңсыз жер аударылғандарды, сотталғандарды және жазықсыздан-жазықсыз қорлық көргендерді еске алды.

Осыдан жүз жыл бұрын бұл жерде Отанын сатқан опасыздардың әйелдерінің атышулы Ақмола лагері (АЛЖИР) ашылды. Әр жылдары мұнда «Халық жауларының» отбасы мүшесі болғаны үшін кінәлі деп танылған әйелдер адам айтқысыз жағдайда өмір сүрді. Жазықсыз қамалған, сотсыз сотталған әйелдердер кішкентай балаларымен темір тордың ар жағында құсалықпен күн кешті.