Get Mystery Box with random crypto!

Колледждерге қосымша табыс табу мәселесін шешуге болады. Бұл ү | Қазақстан Халық партиясы

Колледждерге қосымша табыс табу мәселесін шешуге болады. Бұл үшін студенттік тәжірибені ақылы ету керек. ҚХП депутаты Ислам Сұңқар колледждер тек білім берумен ғана емес, студенттердің тәрбиесімен, мәдени дамуына назар аударуы керек деп санайды.

– Жас адамдар қоғамдық, әлеуметтік үдеріске пікірсайыс арқылы да қатысуы керек. Себебі пікірсайыс сыни тұрғыдан ойлауды үйретеді, – деді мәжілісмен.

Депутат болашақта елорда колледждерінде көшпелі кездесу өткізуді, студенттердің оқу және тұру жағдайымен танысуды, оқу орындарына қандай бюджет бөлінетінін және қаржы қалай жұмсалатынын анықтауды жоспарлап отырғанын жариялады.