Get Mystery Box with random crypto!

Үкімет Қазақстан Халық партиясының мүгедектігі бар адамдарға а | Қазақстан Халық партиясы

Үкімет Қазақстан Халық партиясының мүгедектігі бар адамдарға арналған кейбір мемлекеттік қызметтерді монетизациялау жөніндегі ұсынысын «назарға алуға» уәде берді. Бұл бастаманы депутат Кенжеғұл Сейітжан көтерген болатын.

Монетизация арқылы ерекше қажеттілігі бар адамдар қажетті техникалық көмекші компенсаторларды ала алады. Қазір олар шенеуніктер жоғары бағаға сатып алған сапасыз тауарларды пайдалануға мәжбүр. Бюджеттен мүгедектігі бар бір азаматты қамтамасыз етуге жылына 4 миллион теңгеден астам қаражат бөлінетініне қарамастан, мүгедектігі бар адамдар өзіне қажетті заттың шығынын өз есебінен өтейді.