Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ ұлттық өнер университетінің (ҚазҰӨУ) колледжі мен мектеп | Қазақстан Халық партиясы

Қазақ ұлттық өнер университетінің (ҚазҰӨУ) колледжі мен мектеп-интернатының студенттері адам айтқысыз жағдайда білім алып жатыр. Мәжіліске Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутаттар жағдайды көзбен көріп қайтты.

Бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтанудың болмауы, асханадағы қымбатшылық, жұмыс істемейтін жеделсатылар, бөлмелердегі ылғалдылық пен жағымсыз иіс, кеңселердің жетіспеушілігі, дәретханалардағы антисанитарлық жағдай мәселені ушықтырып тұр.

Осы кемшіліктер мәжілісмен Ислам Сұңқардың депутаттық сауалына жүк болды.