Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда қоқыс мәселесі өзекті болып тұр. Мәселе Қазақстан | Қазақстан Халық партиясы

Қазақстанда қоқыс мәселесі өзекті болып тұр. Мәселе Қазақстан Халық партиясында өткен кеңесте талқыланды.

Жиынға Мәжіліс депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Кенжеғұл Сейітжан, «JASYL» экологиялық қозғалысының президенті Мирас Байсейітов, ҚХП мәслихат депутаттары және өңірлік филиалдардың өкілдері қатысты.

Кенжеғұл Сейітжан ел аумағында жабайы және рұқсат етілмеген қоқыс полигондарының саны көбейіп кеткенін және қоқыс полигондары экология мен халықтың өміріне кері әсер етіп жатқанын атап өтті.