Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан Халық партиясы студенттік жатақханалардағы орын тапш | Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясы студенттік жатақханалардағы орын тапшылығын уақыт оздырмай шешу қажет деп санайды. Бұл бастаманы Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар көтерді.

Ресми статистикаға сәйкес, 2022-2023 оқу жылында жоғары оқу орындарының жатақханаларындағы тапшылық 61 435 орынды құрады. Тапшылықтың теріс көрсеткіші бойынша Алматы (32 718 орын) мен Астана (14 570 орын) «көш бастады». Жатақханалардағы орын тапшылығы өз алдына, олардың жағдайы да сын көтермейді. Себебі басым бөлігі өткен ғасырдың ортасында салынған.