Get Mystery Box with random crypto!

Қарағанды қаласы, №102 орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен 1 | Қазақстан Халық партиясы

Қарағанды қаласы, №102 орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен 12 сәуір Ғарышкерлер күніне арналған кездесу өтті.

Кездесуге ұшқыш ардагерлері И. В. Журавлев, В. П. Журавлева, Ж. С. Сүйіндіков және осы ғарыш саласын дамытып зерттеп, мұражайлар ашып өскелең ұрпақты патриоттыққа, отаншылдыққа тәрбиелеп жүрген ұлағатты ұстаз апай М.Карибекова да қатысты.

Бұл кездесуде ардагерлер өз өмір жолдарындағы қызығы мен қиындығы қатар жүрген өмір жолдары, сонау зұлымат жылдардың ауыртпалықтары туралы әңгімелерін ортаға салып оқушыларға елін, жерін сүюге, бейбіт өмірдің бағасын білуге және құрметтеуге шақырды. Өз кезегінде оқушылар да өз өнерлерін ортаға салып, ардагерлерге зор құрметтерін көрсетті.

Iс-шараға Қарағанды облысының Қазақстан Халық партиясы облыстық мәслихатының депутаты Ж.Серікұлы, кәсіпкер, партия мүшесі Ж.Ахметов қатысты.

Сонымен қатар кездесуде осы ғарыш саласын кеңінен зерттеп, насихаттап, мұражайлар ашып, жас ұрпақты ғылымға баулу бағытында зор еңбек атқарып жүрген ұлағатты ұстаз М.Карибековаға Қазақстан Халық партиясы атынан алғыс хатпен марапатталды.

Кездесу өте тартымды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара болып өтті.