Get Mystery Box with random crypto!

​​ Ардақты сахаба Әнәс ибн Мәлік (радиаллаһу әнһ) Рәжәб айы | ХАФИЗ/حافظ

​​ Ардақты сахаба Әнәс ибн Мәлік (радиаллаһу әнһ) Рәжәб айы кірген уақытта Алла Елшісінің صلى الله عليه وسلم төмендегі дұғаны айтқанын жеткізеді:

«Аллаһуммә бәәрик ләнәә фии ражәб уә шәғбәән уә бәллиғнәә рамәдәән»

Мағынасы: «Иә, Алла! Рәжәб пен Шағбан айларын берекелі қыла гөр. Бізді Рамазанға
аман-есен жеткіз!»

Хафиз ибн Рәжәб әл-Ханбали бұл хадистің бұл айда жарылқау тілеп, дұға ету ұнамды амал екеніне дәлел болатындығын айтқан.

Рәжәб айы берекелі болсын! Алла Тағала баршамызды қасиетті айда құлшылығы молынан болған құлдарынан қылғай!

@mihrab_kz