Get Mystery Box with random crypto!

Бастысы разы болсын Хақ Та'ала. Жау шауып жатқандай бір салып | ХАФИЗ/حافظ



Бастысы разы болсын Хақ Та'ала.

Жау шауып жатқандай бір салып аттан,
Шошыдың неге сонша орамалдан?
Біле-білсең нағыз қазақ әйелінің-
Басы ашық жүрмеген, жаулық таққан.

Хиджаб киген қыздарды көріп қалсаң,
Мода дейсің келіп жеткен араб жақтан.
Хиджаб пен орамалдың негізі бір,
Шатасып жүрсің сен тек атауынан.

Ердің-дағы ел айтқан сөзге қаңқу,
"Хиджаб біздікі емес"-деп көтердің шу.
Білмесеңіз айтайын екеуінің,
Міндеттері бір нәрсе-әурет жабу.

Көзің шығып кетердей шарасынан,
Қыздан неге шошыдың әурет жапқан?
Мода үшін киген жоқ, ол хиджабын-
Киді ғой Алласынан қорықаннан.

Мыстандардай саны мен төсін ашқан,
Аттап кете алмайды ар-намыстан.
Әурет жапқан арулар мың есе артық,
Қыздардан-клубтарда түнеп жатқан.

Өсектеп, сөккеніңше ту сыртынан,
Ол жандарға сый көрсет, тұтып мақтан.
Әурет жапқан арулар мың есе артық,
Қыздардан-көшелерде арын сатқан.

Адамдар көп күнәні тілден тапқан,
Жөн емес ол жандарды ғайбаттаған.
Әурет жапқан арулар мың есе артық,
Қыздардан-некелеспей бала тапқан.

Шынымен болашағын уайымдасаң,
Қызыңызды тыймаңыз хиджабынан.
Себебі, ол арулар мың есе артық,
Қыздардан-сырластары болған шайтан.

Мейлі сен ол жандарды жатқа бала,
Жақтырмай, алакөздеп қырын қара,
Бірақ-бірақ бауырым мынаны ұқ:
Сенің разы болуың міндетті емес,
Бастысы разы болсын Хақ Та'ала.

Албаров Мадияр

@albarov_madiyar


@rabbyndy_sui