Get Mystery Box with random crypto!

Жұмаға бар бауырлар, жұмаға бар! Бес парызды қалдырмай атқар | ХАФИЗ/حافظ



Жұмаға бар бауырлар, жұмаға бар!

Бес парызды қалдырмай атқарғандар,
Жұмақтың бақшасынан тұрақ табар.
Бір апталық күнәңа тәубе етіп,
Жұмаға бар бауырлар, жұмаға бар!

Бала-шаға, дүние, мал табылар,
Уақыт тауып, Жұманың сауабын ал.
Отбасыңа береке, ырыс тілеп,
Жұмаға бар бауырлар, жұмаға бар!

Ақиқатты жалғанға бұрамаңдар,
Жоқ жерден фитна, бүлік шығармаңдар.
Туған елге тыныш, бейбіт заман тілеп,
Жұмаға бар бауырлар, жұмаға бар!

шайтанға еріп, Құраннан ұзағандар,
Аллаһтың рахымынан қапы қалар,
Жаратқаннан тура жол, бақыт тілеп,
Жұмаға бар бауырлар, жұмаға бар!

Дей берме: "Халім жаман,жағдай нашар"
Ақылды адам жоғына сабыр қылар.
Қолыңдағы барыңа шүкір етіп,
Жұмаға бар бауырлар, жұмаға бар!

Күнәсі үшін өкініп, жылағандар.
Жаратқанның сүйікті құлы болар,
Тозақтың жалынына күймеу үшін,
Жұмаға бар бауырлар, жұмаға бар!

Албаров Мадияр

@albarov_madiyar

@rabbyndy_sui