Get Mystery Box with random crypto!

Таныстыру... (Жаназаға алғаш рет қатысып тұрған досыма) Бір | ХАФИЗ/حافظ



Таныстыру...

(Жаназаға алғаш рет қатысып тұрған досыма)

Бір күндері тура мына пендедей,
Қосыласың сен де осы қатарға.
Тірі жүріп өлім барын ескермей,
Үрке қарап тұрсың аппақ матаға.

Ертең өмір сүресің бе белгісіз,
Бос қиялмен қарап жүрсің алысқа.
Көз салдың да жатқан жанға ес-түссіз,
Үрке қарап тұрсың төсек ағашқа.

Жылтырауық дүниеге алданып,
Келе алмай жүрсің әлі иманға,
Өлім жайлы айтып тұрған зар қағып,
Үрке қарап тұрсың білем бұл жанға.

Ізгі амалы жақсы етеді адамды,
Емес бірақ: байлық, мансап, түр, тұлға.
Жарығы жоқ, қорқынышты, қараңғы,
Үрке қарап тұрсың үлкен шұңқырға.

Бірақ сенің қорқуыңа бар себеп,
Бұрын соңды көрмегенсің мұндайды.
Алла адамға өмір берген межелеп,
Ажалы жоқ, өлмейтін жан болмайды.

***

Есте сақта "кебін" деп аталады,
Жаңа ғана өзің көрген ақ мата.
Өлгеніңде киер киім сол болады,
Мүмкіндік жоқ киінерге басқаша.

Дәл қазір сезбей жүрсің қаттылықты,
Жатқаннан соң үстінде тек мамықтың.
Өлгеніңде төсекте емес қымбат, мықты,
Үстіне таңыласың бұл табыттың.

"Кім" дерсің "тұрған жаңа ұзақ сөйлеп",
Ол-Имам ғой. Ұзақ сөзі-уағыздары.
Өлгеніңде Алладан рахым тілеп,
Сол кісі шығарады жаназаңды.

Түсінемін қабылдауың тым қиын,
Көз жұмған соң жоғалады қадірің...
Өлгеніңде кіретін алғашқы үйің
Мына шұңқыр, яғни қабірің.

"Бұл жерге әкелдің" деп "мені текке",
Сөкпе досым, жаман көзбен қарама.
Үйрене бер... себебі ажал жетсе,
Сен де өлесің мен де өлемен, олар да.

Албаров Мадияр

@albarov_madiyar

@rabbyndy_sui