Get Mystery Box with random crypto!

Қолың жетпей қалғанда әлденеге... Қолың жетпей қалғанда әлден | ХАФИЗ/حافظ



Қолың жетпей қалғанда әлденеге...

Қолың жетпей қалғанда әлденеге,
Көңіліңді түсіріп "әттең" деме.
Алла ғана біледі ненің жақсы,
Ненің зиян екенін пенделерге.

Әр нәрсемен сынайды Алла бізді,
Өкініштен шайнама бармағыңды.
Сен үшін пайдасы жоқ болғаны ғой,
Орындамай жатса егер арманыңды.

Еш зұлымдық қылмастан құлдарына,
Ризықты бәріне береді Алла.
Ертең қандай күн туарын білмейсің сен,
Бүгін жолың болмай қалса қапаланба.

***

Күнәларың жояды дұға күшін,
Бар қателік өзіңде соны түсін.
Әйтпесе дұғаңды қабылдау қиын емес,
Жер мен көкті жаратқан Раббың үшін.

Албаров Мадияр

@albarov_madiyar

@rabbyndy_sui