Get Mystery Box with random crypto!

-БАП КӨРШІ АҚЫСЫ «Бір Аллаһқа құлшылық етіп, Оған еш нәрсе | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

КӨРШІ АҚЫСЫ


«Бір Аллаһқа құлшылық етіп, Оған еш нәрсені серік етіп қоспаңдар. Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Сондай-ақ, жақын туыстарыңа, жетімдерге, жарлы-жақыбайға, туысқан көршілеріңе, туыстығы жоқ көршілеріңе, (сапарлас немесе жақын) жолдастарыңа, елінен жырақта жүрген адамға, қолдарыңдағы құлдарың мен күңдеріңе жақсылық жасаңдар».
(«Ниса» сүресі, 36-аят).


-ХАДИС:

Ибн Омар және Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жәбірейіл періштенің маған көршімен жақсы қарым-қатынаста болу керектігі жөнінде көп өсиет айтқандығы соншалық – тіпті көршіні көршіге мұрагер етіп қоя ма деген ойға қалдым», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, әдәб 28; Муслим, бирр 140).

@hadister_jinagy