Get Mystery Box with random crypto!

-БАП БАЛА-ШАҒАНЫ АСЫРАУ, ОТБАСЫНЫҢ НӘПАҚАСЫН ТАБУ «Әйелде | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

БАЛА-ШАҒАНЫ АСЫРАУ, ОТБАСЫНЫҢ НӘПАҚАСЫН ТАБУ


«Әйелдерді (анларды) лайықты түрде ас-ауқат және киім-кешекпен қамтамасыз етуге баланың әкесі міндетті»
(«Бақара» сүресі, 233-аят).

«Қалталы адам (әйелінің,
балаларының нәпақасын) байлығына қарай молынан берсін. Ал ризығы шектеулі (жағдайы шамалы) болған адам Аллаһтың оған нәсіп еткеніне қарай берсін. Аллаһ тағала құлына бергенінен артық жауапкершілік жүктемейді»
(«Талақ» сүресі, 7-аят).

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ жолына берген пұл, құл азат ету үшін төлеген пұл, пақыр-міскінге садақа деп берген пұл және отбасыңның нәпақасына жұмсаған пұл; Осылардың ішіндегі сауап тұрғысынан ең үлкені отбасыңның нәпақасына жұмсаған пұл болып табылады», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, зәкәт 39).

@hadister_jinagy