Get Mystery Box with random crypto!

Жай адам емес... (Бауыржан Әлиұлы ұстазға арнау) Ескертіп мын | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ



Жай адам емес...
(Бауыржан Әлиұлы ұстазға арнау)


Ескертіп мына қу дүниенің жалғанын,
Жәннаттық жолдың көрсетіп бағыт-бағдарын,
Өле-өлгенінше Алланың дінін жеткізіп,
Жай адам емес өмірден өтті бір ғалым.

Бауырларына насихат айтып ұмытылмас,
Шәкірттеріне білімін беріп сарқылмас,
Өміріңе жетер көрсетіп өшпес өнеге,
Жай адам емес өмірден өтті бір ұстаз.

Баға жетпейтін қазына тастап артына,
Іліміменен қызмет етіп ұлтына,
Тағдырына алаңдап туған елінің,
Жай адам емес өмірден өтті бір тұлға.

Албаров Мадияр

@albarov_madiyar

@rabbyndy_sui