Get Mystery Box with random crypto!

Біреу арықтай алмай жүрсе, біреу тола алмай жүр. Біреу балас | Хабиба каналы

Біреу арықтай алмай жүрсе, біреу тола алмай жүр.

Біреу баласын үйлендіре алмай жүрсе, біреу келінін жақтырмай жүр.

Біреу жұмыс таба алмай жүрсе, біреу жұмысынан шаршап жүр.

Біреудің сәби сүюге денсаулығы болмай жүрсе, біреу "көп балалымын" деп асырауға көмек сұрап жүр.

Біреу өмірлік серігін таппай жүрсе, біреу ажырасқысы келіп жүр.

Біреу жалғызсырап, бауыр таба алмай жүрсе, біреу туғандарынан қашып жүр.

Біреу ақша төлеп білім алып жүрсе, біреу тегін сабағына бармай жүр.

Біреу үлкен үйде тұрып бақыттың кілтін таппай жүрсе, біреулер пәтер жалдап тұрып-ақ бақытты өмір сүріп жатыр.

Әркімде әртүрлі бақыт бар! Сол бақты барында бағаласақ қана бақытты боламыз.
(әлеуметтік желіден)

@Kuran_tapsir