Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰЛ ЕКЕНІН МОЙЫНДАҒАН ПАТША Байырғы заманда Бәһлүл Дана деген | Хабиба каналы

ҚҰЛ ЕКЕНІН МОЙЫНДАҒАН ПАТША

Байырғы заманда Бәһлүл Дана деген әпенді болыпты.

Халифа Һарун Рашитке біраз насихат айтыпты. Бәһлүлдің ақыл-кеңесіне риза болған патша:

- Қандай қажетің болса, айт, өтеп берейін, - депті.

- Менің үш қажетім бар.

- Ал, айта бер.

- Менің өмірімді ұзартып бер.

- Менің бұған құзыретім жетпейді.

- Мені өлім періштесінен қорға.

- Оған шамам жетпейді.

- Мені тозақтан алшақтатып, жұмаққа кіргіз.

- Мен оған дәрменсізбін, - деп, өзінің әлсіздігін мойындаған Һарунға әлгі Бәһлүл:

- Олай болса, біліп қой, сен патша емессің, құлсың! Ал мен құлдарға мұқтаж емеспін, - деген екен.

Араб тілінен тәржімалаған Қанат Жұмағұл ұстаз